Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.95 EUR 425.80
RUB 5.74 CNY 55.94
Jańalyqtar

Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік команданы ірі есеппен жеңді

2019 жылғы 12 ақпан 17:03 724
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік команданы ірі есеппен жеңді

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасындағы бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Екатеринбургтың «СКСО СКА-Свердловск» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Денис Тен туралы деректі фильм прокатқа шығады Қазақстан чемпионы «Оман турының» екі дүркін жеңімпазы атанды

«Жастар» стадионындағы матч айдын иелерінің басымдығымен өтті. Бірінші таймның 20-шы минутында қонақтардан Никита Ивлев есеп ашты. Дегенмен, одан кейін «Ақжайықтың» капитаны Максим Өтебалиев, Андрей Гущин және ресейлік легионер Максим Пахомов көзге түсіп, есепті 3:1-ге жеткізді.

Екінші таймда Павел Чебаков, тағы бір ресейлік Сергей Пантеев және М.Пахомовтың соққан голдарына меймандардан Алексей Снегирев жауап қайыра алды. Осылайша Николай Шавалдиннің шәкірттері 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойыннан кейін 21 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта қайтадан бесінші орынға көтерілді. Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қалған ойындарын өз айдынында өткізетінін жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT