+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік «Кировецпен» тең ойнады

2019 жылғы 16 желтоқсан 07:44
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік «Кировецпен» тең ойнады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Уфада «Кировецпен» екінші ойынында тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдында негізгі қарсыластарының бірінен ұтылды Допты хоккей: «Ақжайық» Қазаннан келген қарсыласын ойсырата ұтты Допты хоккей: «Ақжайық» Уфада «Кировец» клубына есе жіберді

Оралдықтар бұл кездесуде бірінші болып есеп ашты.

Бұрыштамадан берілген доптан кейін ресейлік легионер Сергей Башаев өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Екінші таймда Алексей Севрюков пен Павел Дадановтың голдарынан соң айдын иелері алға шықты – 2:1. Дегенмен «Ақжайық» құрамындағы тағы бір ресейлік Максим Пахомов таразы басын теңестіре алды – 2:2.

Оралдықтар екінші топта төрт ұпаймен алтыншы орында келеді.

Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 24-25 желтоқсанда өз айдынында «Динамо-Қазан-2» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Уфада «Кировец» клубына есе жібергенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT