ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» өз алаңында «Никельщикті» ұтты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Верхний Уфалейдің «Никельчик» командасын қабылдады.

Аса тартысты өткен кездесу 3:2 есебімен оралдықтардың пайдасына шешілді. «Ақжайықтан» Сергей Башаев, команда капитаны Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов мергендік танытты.

Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді. Осы ойыннан кейін «Ақжайық» екінші топта 29 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар