Допты хоккей: «Ақжайық» ойыншысы бір матчта сегіз гол соқты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» стадионында өткен бұл матч «Ақжайық» құрамындағы ресейлік легионер Максим Пахомовтың бенефисіне айналды.

М.Пахомов қос таймда қарсылас команданың қақпасына сегіз доп енгізіп, биылғы маусымда соққан гол санын 55-ке жеткізді.

Айдын иелерінен тағы бір голды Сергей Башаев салса, қонақтардан Никита Николаев, Кирилл Афанасьев, Андрей Зеленин және Виталий Брызгин көзге түсті.

Жалпы есеп – 9:4.

Бұл матчтан кейін 43 ұпай жинаған оралдық клуб екінші топта бұрынғыша үшінші орында келеді.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Кировецті» тағы ұтқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар