ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» тізе бүктірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін Орынбордың «Локомотивін» қабылдады.

«Локомотив» - екінші топтағы мықты командалардың бірі. Қазір ол 24 ұпаймен екінші орында келеді. Сондықтан бұл ойынның екі клуб үшін де маңызы зор еді.

Есепті ойын басталысымен әбжілдік танытқан қонақтар ашты. 4-ші минутта Александр Козлов айдын иелерінің қақпасын дәл көздеді. Дегенмен бұдан кейін «Ақжайық» жігіттері жеңіске деген жігерлерін көрсете білді. 20-шы минутта команда капитаны Ескендір Нұғманов, 29-шы минутта Арыстан Қазыбаев мергендігімен көзге түссе, екінші таймда Сергей Башаев есепті 3:1-ге жеткізді.

Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді. Осы ойыннан кейін 19 ұпай жинаған оралдықтар турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар