ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» тағы да 3:1 есебімен ұтты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 28 желтоқсан күні Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді.

Мұнда да бірінші матчтағы жағдай қайталанды десе де болады. Бұл жолы қонақтар (Степан Бибаев) 56-минутта есеп ашты. Содан кейін команда капитаны Ескендір Нұғманов 68 және 72-минуттарда қос голдың авторы атанып, «Ақжайықты» алға шығарды. 75-минутта Сұлтан Қадыржанов ойынның нүктесін қойды.

Қазіргі кезде 12 ойыннан кейін ұпай санын 22-ге жеткізген батысқазақстандықтар өз тобында бұрынғыша төртінші орында келеді. Алдағы кездесулерін «Ақжайық» жаңа жылда, 6-7 қаңтар күндері өз айдынында турнир кестесінде үшінші орынға жайғасқан Саратовтың «Универсалымен» өткізеді.

Соңғы жаңалықтар