17:08, 03 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Допты хоккей: «Ақжайық» «Никельщиктен» ұтылып қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщикпен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл матчта да айдын иелері 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші таймда есеп 5:3 болса, ойынның екінші кезеңі тең аяқталды (1:1).
«Никельщиктен» Максим Бовт ерекше көзге түсіп, хет-триктің авторы атанса, «Ақжайық» сапынан ресейлік легионерлер Максим Пахомов, Сергей Башаев, сондай-ақ Павел Чебаков пен команда капитаны Денис Максименко бір-бір голдан соқты.
Екінші топта өнер көрсететін, оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 10-11 желтоқсанда Краснотурьинскіде «Маяк» клубымен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» беташар матчында қарсыласына есе жібергенін жазған болатынбыз.