+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Допты хоккей: «Ақжайық» «Маяк» командасынан ұтылып қалды

2019 жылғы 12 желтоқсан 00:52
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» «Маяк» командасынан ұтылып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Жоғары лига командалары арасында допты хоккейден бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойындарын Краснотурьинскіде «Маяк» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдында негізгі қарсыластарының бірінен ұтылды Допты хоккей: «Ақжайық» Қазаннан келген қарсыласын ойсырата ұтты Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік «Кировецпен» тең ойнады

Оралдықтар қос кездесуде де жеңіліс тапты.

Бірінші матчта «Ақжайық» Орал допты хоккейінің түлегі Олег Чернов жаттықтыратын айдын иелеріне 2:5 есебімен есе жіберді. Қонақтар тарапынан ресейлік легионер Максим Пахомов пен Андрей Гущин гол авторлары атанды.

Екінші бәсекеде оралдық Петр Грибанов есеп ашқанымен, «Маяк» ойыншысы Михаил Дунаев таразы басын теңестірді. Бұдан кейін Евгений Игошин айдын иелерін алға шығарса, «Ақжайық» сапындағы тағы бір ресейлік Александр Штеле қарымта қайырды. Алайда Максим Никишов пен Евгений Царогородцев мергендік танытып, «Маякка» жеңіс әперді – 4:2.

Екінші топта «Маяк» 15 ұпаймен көш басында келе жатса, «Ақжайық» небәрі үш ұпаймен алтыншы орында тұр.

Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 14-15 желтоқсанда Уфада жергілікті «Кировецпен» өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT