ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» - «Динамо-Маяк» - 7:0

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 24 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Краснотурьинскінің «Динамо-Маяк» командасын қабылдады.

Батысқазақстандықтардың айқын басымдылығымен өткен ойында «Ақжайық» сапындағы Сергей Башаев қатарынан төрт доп соқты. Содан кейін Павел Чебаков, Еламан Әліпқалиев, Сұлтан Қадыржанов та қонақтардың қақпасына бір-бірден гол енгізді. Жалпы есеп - 7:0.

Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді. Қазіргі кезде «Ақжайық» екінші топта 35 ұпаймен үшінші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар