+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Допинг үшін спортшылар мен жаттықтырушыларды қандай жаза күтіп тұр

2019 жылғы 21 қараша 13:56
Бөлісіңіз:
Допинг үшін спортшылар мен жаттықтырушыларды қандай жаза күтіп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл допингке қарсы ережені бұзудың 37 оқиғасы тіркелді - министр Олимпиадаға дейін алынған допинг-сынама 10 жылға дейін сақталады - WADA WADA 2020 жылы спортшылар үшін тыйым салынған заттардың тізімін жариялады

Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған.

«Қолданыстағы заңнамаға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда спортшыға допинг тағайындаған адамдарға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттілігі туындады. Ол 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жазаны көздейді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Сенатта.

Сонымен қатар, допингті пайдаланғаны үшін заң жобасында дисквалификация нормасы, спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алып тастау, ақшалай көтермелеуді қайтару, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді тоқтату ескерілген.

Бұдан бөлек, спортшыларға, жаттықтырушыларға және клуб командаларының басшыларына ай сайынғы қаржылай көмекті тоқтату, спорттық атағынан айыру, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жүлдегері тұрғын үйді пайдалану шартын бұзу, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының және штаттық командаларының құрамдарынан спортшыларды, жаттықтырушыларды шығару қарастырылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2013 жылдан бастап жұмыс істеу кезеңінде қазақстандық спортшылардың допингті қолдануының 307 оқиғасы анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT