Допинг тексеруден өтпей қалған шорт-трекші Олимпиададан шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шорт-тректен Жапония құрамасының мүшесі Кэй Сайто допинг тестілеуден өте алмай 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетіліп, Олимпиада қалашығынан шығарылды. Бұл туралы Спорттық арбитраждық соттың (CAS) баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Допинг-сынама 21 жастағы спортшының бойынан тыйым салынған ацетазоламид затын анықтады. CAS қаулысына сүйенсек, Сайто аталған дәріні спорттан уақытша шеттетілуіне байланысты өз еркімен қабылдап жүрген.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары 25 ақпанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар