+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Допинг операциясы: Төрт күнде 63 адам жауапқа тартылды

2020 жылғы 23 қараша 11:45
Бөлісіңіз:
Допинг операциясы: Төрт күнде 63 адам жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16-20 қараша күндері полиция қызметкерлері республика бойынша «Дәрмек» (Допинг) жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда автобус жүргізушілері есірткіге елтіген күйде рульге отырған Семейде автобус жүргізушісі есірткі қабылдап рульге отырған Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталды

Шара барысында полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтады.

«Бұл операцияның мақсаты – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғандарды, фармацевтикалық қызмет қағидаларын және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға арналған талаптарды бұзу фактілерін анықтау болды. Нәтижесінде 5 мыңнан астам есірткі ампуласы, шамамен 300 ампула мен психотроптық заттардың таблеткалары тәркіленіп алынды. Әкімшілік жауапқа 63 адам тартылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, 26 қараша күні ҚР Ішкі істер министрлігі, аумақтық органдар мен ішкі істер бөлімшелері және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері алғаш рет ZOOM платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT