Допинг қолданған 7 зілтемірші екі жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы мен Ұлттық допингке қарсы орталық бірлесіп, тыйым салынған препараттарды қолдану бойынша спортшылар мен бапкерлерге қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, допингке қарсы ережені жеті зілтемірші бұзаған. Атап айтар болсақ, Аружан Көлбай (Алматы), Гүлдана Жүніс (Алматы), Асылжан Бектай (Қызылорда облысы), Әлішер Сейітқазы (Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров (Алматы облысы).

Олардың барлығы екі жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды.

Сонымен қатар, осы спортшыларды жаттықтырған екі бапкер төрт жылға қызметінен шеттетілді. Олар - ауыр атлетикадан республикалық спорт колледжінің жаттықтырушысы Айбол Көлбаев пен Алматы қаласындағы мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің бапкері Талғат Әбен.

Соңғы жаңалықтар