Допинг дауына іліккен спортшылармен психолог жұмыс істей ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Допинг дауына іліккен спортшылармен психолог жұмыс істей ме. Бұл сауалға бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің біліуімше, олармен ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Олар қателікке бой алдырғандығын түсінеді. Спортшы допинг дауына ілігіп жазаланғаннан кейін қайтадан допинг қолданғаны туралы деректер есімде жоқ. Спортшылар егер мұндай жайт қайтадан орын алатын болса өмір бойына спорттан шеттетілетіндігін түсінеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, еліміздің ұлттық құрамасында спортшыларды психологиялық тұрғыда дайындайтын арнайы психологтар жұмыс істейді.

«Алайда, менің білуімше, ол допинг қабылдағаннан кейін немесе қандай да бір жайт орын алған соң онымен психологиялық жұмыс жүргізілмейді. Жарысқа дайындық процесі бойынша ғана жұмыс жүргізіледі», - деді комитет басшысы.

Серік Сапиев қазіргі уақытта спортшылардың дайындық деңгейінің айтарлықтай өсіп, олардың техникалық және тактикалық шеберліктері шыңдала түскендігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар