Дөңгелегін тексеруге шыққан: ШҚО трассасында жүргізушіні көлік қақты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Өскемен-Семей» тасжолында көлік қаққан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Өскемен-Семей» тасжолының 25-ші шақырымында болған. 22 жастағы жігіт автокөлігінен түсіп, дөңгелегін тексермекші болғанда оны сол маңнан өтіп бара жатқан «Лада» машинасы қағып кетті.

Ер адам бірден сол жерде жан тапсырған.

«Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Видеотіркегіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар