Дональд Туск Еуропалық кеңестің басшысы қызметіне қайта сайланды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Дональд Туск Еуропалық кеңес президенті лауазымына екінші қайтара сайланды. Мұндай шешімді ЕК-ке мүше мемлекеттердің басшылары Брюссельде өткен саммитте қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Бүгін ЕК саммитінде Дональд Туск Еуропалық кеңес президенті лауазымына екінші мәрте қайта сайланды. Ол қызметін әлі 2,5 жыл атқаратын болады»,-деп хабарлады Еуропалық кеңестің баспасөз қызметі.

Тусктің қазіргі қолданыстағы мандатының мерзімі 2017 жылдың 31 мамырында аяқталуы тиіс болатын. Енді ол Еуропалық кеңестің президенті қызметін 2019 жылдың 30 қарашасына дейін атқаратын болады.

Соңғы жаңалықтар