Дональд Трамптың Facebook пен Instagram парақшалары қалпына келтіріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Meta-ның жаһан мәселелері бойынша президенті Ник Клегг арнайы мәлімдемесінде Дональд Трамптың парақшалары алдағы апталарда қалпына келтірілетінін және қоғамның «саясаткерлердің не айтып жатқанын еститін мүмкіндігі болуы керек» деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийде болған тәртіпсіздіктерден кейін сол кезде қызметін босатып жатқан президент Дональд Трамптың Facebook пен Instagram желілеріндегі парақшасы белгісіз мерзімге бұғатталған болатын.

Клегтің айтуынша, Facebook осылайша Трамптың АҚШ парламентінде тәртіпсіздікке жол берген жақтастарын қолдауына жауап берді.

«Аккаунттарды уақытша жабу төтенше жағдайлар кезінде жедел қабылданған шешім болатын», - деді Клегг.

Оның сөзінше, компания қазіргі уақытта Трамптың парақшалары қоғам үшін қауіп төндірмейді деп шешкен. Дегенмен осы әлеуметтік желілердің ережесі қайтадан бұзылса, Трампты одан да қатаң жаза күтіп тұр.

Трамп Facebook-қа орала ма – белгісіз. 2021 жылы ол Truth Social деп аталатын жеке әлеуметтік желісін ашты. Оны ресми қолданатындар саны бар болғаны бес миллион адам болса, Facebook пайдаланатындар саны – үш миллиард.

Фото:© AP Photo / Evan Vucci


Соңғы жаңалықтар