«Дональд Трампты қайтару»: Илон Маск Twitter-де сауалнама өткізіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Twitter-дің жаңа иесі Илон Маск Американың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аталмыш әлеуметтік желідегі аккаунтын блоктан шығару-шығармау жөнінде сауалнама өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

И.Маск сауалнаманы Twitter-дегі өз парақшасында орналастырды. Ол: «Бұрынғы президент Трампты қайтару», - деп жазып, таңдауға екі нұсқаны ұсынды: «иә» немесе «жоқ».

Масктың Twitter-де 116,8 млн жуық оқырманы бар. Сауалнама 24 сағатқа орналастырылған. Осы сағатқа дейін өз таңдауын 7 млн 493 мың 926 адам жасады. Д.Трамп аккаунтын блоктан шығаруды қалағандар саны, «жоқ» деп жауап бергендерге қарағанда сәл көбірек болып тұр.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Twitter әлеуметтік желісі АҚШ-тың сол кездесі президенті Дональд Трамптың аккаунтын біржолата блоктап тастаған болатын.

Трамп ел басшысы лауазымында 26 мыңнан астам твит жариялаған. Күніне орта есеппен 18 твит жазып отырған.

Илон Маск биылғы қазан айының соңында Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алған еді.


Фото: AP


Соңғы жаңалықтар