Дональд Трамп президенттік науқанын бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы сайлау – елді құтқаратын жалғыз мүмкіндігіміз және бізге оны бірінші күннен бастап жүзеге асыра алатын көшбасшы керек», - деді Дональд Трамп Оңтүстік Каролина штатының астанасы Колумбиядағы жақтастарының алдында.

Мемлекет басшысы қызметі үшін күресуге ниетті екенін Трамп екі жарым ай бұрын хабарлаған болатын.

Еске салсақ, 2020 жылғы сайлауда Трамп қазір президент Джо Байденнен жеңіліп қалды. Ол әлі күнге дейін өзінің жеңіске жетуіне дауыс беру кезіндегі тәртіп бұзушылықтар кедергі болғанын айтады.


Соңғы жаңалықтар