Дональд Трамп келесі президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп 18 маусым күні президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бірінші леди Мелания, вице-президент Майк Пенс және екінші леди Карен Пенспен бірге 18 маусым күні Флорида штатындағы Орландода, 20 000 көрермен сыятын Amway орталығында өзімнің президенттіктің екінші кезеңі үшін бақ сынайтынымды жариялаймын. Осы тарихи сәтте бізбен бірге болыңыздар!» деп жазды Тональд Трамп өзінің Twitter-аккаунтында.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп 2016 жылғы 8 қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар