Дональд Трамп Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығын жоғары бағалады - АҚШ Елшісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қазақстандық төрағалық өте тиімді әрі жан-жақты болды деп санайды. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының қорытындысына орай БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АҚШ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезіндегі жұмыстарының нәтижесін өте жоғары бағалайды. Дональд Трамп мұны Нұрсұлтан Назарбаевқа да айтқан еді. Трамп Қазақстанның ұйымға төрағалығы өте тиімді әрі жан-жақты болды деп санайды. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы кезінде өзін кәсіби ұстай білді. Біз Қазақстан дипломатиясы мен төрағалық қызметінің деңгейін жоғары бағалаймыз», - деді Джордж Крол.

Осы ретте Елші БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың тарихта алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық тұрақты өкілдерінің Ауғанстанға сапарын ұйымдастырғанын еске салып өтті.

«Америкалық өкіл, Елші Никки Хейли аталған сапарға қатысты және ол да Қазақстанның БҰҰ Қауіпсізік кеңесіне төрағалығының тиімді болғанын айтты. Өте күрделі мәселелер мен қарарлар көтерілді. Бірақ, Қазақстан ҚК-нің барлық мүшелері арасында өзін жан-жақтылығын, істің ретін таба алатындығын көрсетті. Шындығында өте күрделі жұмыс болғанымен, өте тиімді нәтиже  болды. Біз солай деп санаймыз», - деді ол.
null 

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 1-31 қаңтары аралығында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. 19 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар