Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай АҚШ президенті Дональд Трамптың жолдаған құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезінде екі елдің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру кезінде жеткен шынайы оң прогресс үшін қазақстандық тарапқа алғысымды білдіремін», - деді Элис Уэллс бүгін Астанада Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезектегі отырысына арналған брифингте.

Элис Уэллс атап өткендей, тараптар отырыс кезінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екіжылдық мүшелігін, сондай-ақ мүшелік аясында Қазақстанның жүргізген саясатын талқылады.

«Сондай-ақ, сіздер алдағы күндері атап өтетін Тәуелсіздік күніне орай Трамп мырзаның құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздерге мүмкін болған барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз», - деді ол.

Авторы Камила Әмірова 

Соңғы жаңалықтар