Дональд Трамп Ақ үйден кетті

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Көмекшілер қалған жүктерін тікұшаққа асығыс тиеді, олардың арасында сәнді бренд чемодандар да бар.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы Ақ үйдің ауласының ішінде көгалға қонды. Бұл өте ерекше жағдай. Себебі тікұшақ соңғы рет дәл осылай 1974 жылы Ричард Никсонды Уотергейт дауының салдарынан қызметінен босаған кезде осылай алып кеткен.

Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеді, осылайша бір жарым ғасырдан астам уақыт жалғасып келе жатқан билікті тапсыру рәсімін үзді.

Ақ үйден аттанған Дональд Трамп Мэриленд штатындағы Эндрюс әуе базасына келді. Қазір ол жақтастарының алдында сөз сөйлеп, содан кейін Флоридаға ұшып кетеді.


Соңғы жаңалықтар