Домодедово әуежайына бортында жолаушы қайтыс болған ұшақ шұғыл қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабадтан ұшқан ұшақ Мәскеудегі Домодедово әуежайына бортындағы жолаушы қайтыс болуына байланысты шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей ІІМ-нің Орталық федералдық аймақ бойынша Көліктегі басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Валентина Щекина хабарлады.

«Жергілікті уақытпен сағат 07:50-де Домодедово әуежайында Ашхабад-Минск бағытымен ұшып келе жатқан әуе кемесі шұғыл қонды», - деді ол. Ұшақтың қонуы оның бортында отырған 1965 жылғы ер адамның өлімімен байланысты болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жүрек және өкпе талмасынан көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар