Доминиканда жол апатына ұшыраған 15 ресейлік хал үстінде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Доминиканда автобуста жол апатына ұшыраған 15 ресейлік хал үстінде жатыр. Бұл туралы Listin Diario газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Игуэй қаласындағы аурухананың директоры Хайме Родригес осы ақпаратты растаған.

Оның айтуынша, Ресейдің 19 азаматы ауруханада жатыр.

Бұғанг дейін Listin Diario жол апатынан 17 адам зардап шеккенін хабарлаған еді.

Апат сейсенбі күні Игуэй қаласының жанында болған. Ресейлік туристер мінген автобус әуежайға барар жолда жүк көлігімен соқтығысып, аударылып кеткен. Жүк көлігіндегі екі адам да жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар