Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Домбырау жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді - шебер

2019 жылғы 7 шілде 23:49 1053
Бөлісіңіз:
Домбырау жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді - шебер

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Домбырау жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне көкшетаулық бес саусағынан өнер тамған ұста, ағаштан ұлттық бұйымдарды жасаумен айналысатын шебер Шоқан Еламанов айтты.

Оның айтуынша, домбыра жасау - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан атакәсіп. Ескіден келе жатқан дәстүрге адалдығын сақтаған адамдар ғана айналыса алады.

«Домбырау жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік құпиясы бар. Әр шебер өз құпиясын кез келген адамға жайып салмайды.  Алайда, ең басы құпиясы - ол әрине, домбыраның ағашына байланысты. Ағашы қандай болса, үні де сондай әуезді болып келеді», - дейді Шоқан Еламанов.

Сонымен қатар, шебер домбыраның ағашынан бөлек, оны жасаған адамның қолына да байланысты екенін айтты. Әр ұста домбыраны жасау технологиясын білуі тиіс.

«Алдымен, аспапқа лайықты ағаш таңдалады. Ол әбден кептіріледі. Содан соң домбыраның шанағын белгілі бір заңдылықтарға сәйкес орталастыру қажет. Бет тақтайының қаттылығы, қалыңдығы - бәрі есептеледі. Сәл қиыс кетсе, дыбыс дұрыс шықпауы мүмкін», - дейді Ш. Еламанов.

Кез келген ағаштан шауып, домбыра істеуге болады. Бірақ, оның барлығы домбырашылардың көңілінен шыға бермейді. Сондықтан, Шоқан әр жасаған домбырасын кәсіби домбырашыларға көрсетіп, ақыл-кеңесін алып отырады.

«Менің басты ақылшым, домбырамның сыншысы - дәулескер домбырашы Сәкен Біржанов. Әр жасаған домбырамды Сәкеңе көрсетіп отырамын. Ол кем-кетігі мен жақсы тұсын айтып отырады. Келесі жолы домбыра жасағанда оның ескертулерін ескеруге барынша тырысамын», - дейді шебер.

Ағаштан түйін түйіп, жансызға жан бітірген Шоқан шебердің шапқан домбыраларын осы күні елге танымал, айтулы ақындар ұстап, өнер көрсетіп жүр. Аптасына бір домбыра жасайтын шебердің сөзінше, соңғы жылдары ұлттық аспапқа деген сұраныстың артқаны байқалады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Домбыра,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT