25.04.2023 15:53 Қазақстандық домбырашылар Италияда бас жүлде алды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық инструменталды дуэт Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Open Italy-2023 беделді музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.03.2023 11:01 Қаржы министрі доллар бағамына қатысты: Елімізде тауар арзандайды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы төмендеуіне орай импорт арқылы келетін тауарлар арзандайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.12.2022 18:41 Түркістанда «Алтын домбыра-2022» иегері анықталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда айтыста өтіп, «Алтын домбыра-2022» иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.12.2022 19:03 Түркістанда «Алтын домбыра» республикалық айтысы басталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Алтын домбыра» республикалық айтысы өтіп жатыр. Биылғы дода Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.12.2022 18:31 «Шертпе күй» республикалық дәстүрлі байқауының жеңімпаздары марапатталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыда «Шертпе күй» республикалық дәстүрлі музыка байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.09.2022 15:05 Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашуға қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.
09.09.2022 21:05 Қытайда тұратын қандасымыз қара тастан домбыра жасады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда тұратын қандасымыз шебер Мұқамет Әбділдабекұлы тастан домбыра жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Орталық халық радиосына» сілтеме жасап.
07.09.2022 23:53 Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23-26 қараша аралығында Алматыда Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.08.2022 07:30 Атыраулық шебер Нұрлыбек Бисембаев айына 100 домбыра жасайды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық шебер Нұрлыбек Бисембаев 4 жыл бұрын домбыра жасайтын шеберхана ашқан. Қазір оның шеберханасында айына 100-ге жуық домбыра жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.08.2022 10:21 Жаңа оқу жылында қандай жаңалықтар болады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында елдегі білім ордалары мен ошақтарын бірнеше тың өзгеріс күтіп тұр. ҚазАқпарат солардың ең маңызды дегендеріне шолу ұсынады.
01.08.2022 13:48 Ұлттық домбыра орталығы құрыла ма НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық домбыра орталығын құру мәселесі қосымша пысықтауды талап етеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.07.2022 04:40 Қарағандыда домбыраның құлағында ойнайтын кәріс бала тұрады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Саран қаласының өнер мектебінде 900-ден астам бала өнердің түр-түрін меңгеріп жатыр. Олардың арасында кәріс ұлтының өкілі Артем Ким бар. Ол қазақтың ұлттық аспабы — домбыраның құлағында ойнайды.
04.07.2022 00:33 Атырауда өзге этностың өкілдері күй тартып, домбырамен қазақша ән шырқады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ұлттық домбыра күніне орай өзге этностың өкілдері домбырамен күй тартып, қазақша ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.07.2022 21:57 Қасиетті қара домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасиетті қара домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар. Ғұлама Әлкей Марғұлан бастаған ғалымдар екі ішекті бұл аспапты барлық аспаптардың атасы дегенді айтып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
03.07.2022 20:31 Домбыра адамға қандай қасиеттер сыйлайды? ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлтымыз ұлық тұтқан домбыра қазақ халқымен ежелден бірге жасап келеді. Қазақтың әр баласы күмбірлете күй тартып, жыр-термені құйқылжыта орындайтын еді. Қазіргі уақытта сол көрініс көз алдымыздан жоғалып бара жатқан секілді. Домбыраның құлағында ойнау былай тұрсын, оны қалай ұстауды білмейтін ұрпақ көбейіп барады. ҚазАқпарат тілшісі домбыраны ел арасында қалай насихаттау қажет деген сауал төңірегінде ой қозғап көрген еді.
03.07.2022 19:40 Жетісайлық шебер 20 жылда 800-ден астам домбыра жасаған ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Жетісай қаласында 20 жылда 800-ден астам домбыра жасаған шебер тұрады. Оның қолынан шыққан бұйымдарды елге танымал азаматтар үлкен сахналарда қолданып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.07.2022 17:29 Сыр өңірінде көне домбыраға еуропалықтар қызығушылық танытты ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңіріндегі Жетіасар қалашығынан кезінде табылған домбыраға ұқсайтын көне жәдігер еуропалық ғалымдарды таңғалдырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.07.2022 16:45 Он жасынан домбыраны жанына серік еткен Юрий Кочетыгов КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық жас домбырашы Юрий Кочетыгов домбырамын қазақ күйлерін аса шеберлікпен орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.07.2022 14:58 Домбыраны ұлттық аспап ретінде патенттеу қажет – ғалым ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін – Ұлттық домбыра күні. Ұлттық өнерімізді қалай дамытамыз, домбыра аспабына үлкен-кішінің қызығушылығын қалай арттырамыз? Осыған орай домбырашы-ұстаз, «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Кенжеғалиев ҚазАқпарат тілшісінің сауалдарына жауап берді.
03.07.2022 11:42 Ұлттық аспапқа бала күннен аңсарым ауып тұратын – түрмеде домбыра жасайтын шебер ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ұлттық домбыра күні биыл елімізде бесінші рет атап өтілейін деп жатыр. Қасиетті қара домбыраны ұлықтайтын бұл күннің қарсаңында шеберлерге қос ішекті аспапқа деген тапсырыстың жиілейтіндігі анық. Өскеменде орналасқан қатаң тәртіптегі ОВ 156/2 түзету мекемесіндегі Аслан есімді сотталған да білек сыбана жұмысқа кіріскен. Бірақ ол ҚазАқпарат тілшісіне уақытын бөліп, сауалдарымызға жауап берді.