Домбыра үні мен қымыздың дәмі мәңгі есімде қалады - Ресей жазушысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың кең даласы, домбыра үні мен қымыз дәмі мәңгі есімде қалады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында танымал ресейлік жазушы Сергей Лукьяненко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстанда, көпұлтты еңбекшілердің шағын ғана Қаратау қаласында дүниеге келдім. Әкем Ресей орысы, ал анам Семей қаласының татары. Жарты өмірімді Қазақстан, жартысын Ресейде өткіздім. Жүрегім де біздің осы екі еліміздің арасында бөлініп тұр. Әлемнің көптеген елдерін сапарлап, үлкен және кіші, бай және кедей елдерді көрдім. Бірақ, қазақтың кең даласы, қар басқан тау шыңдары, домбыра үні мен қымыздың дәмі еш уақытта есімнен кетпейді. Мұның барлығы да менің жадымда әрі мәңгі қалды»,  - деді ол.

Сонымен қатар ресейлік қаламгер өзінің барлық кітаптарында Қазақстан және оның халқы, дәстүрлері мен мәдениеті жайында деректер болатындығын баса айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, бірде Сіз: «халықтың бірлігін сақтап, нығайту - ең жоғары ізгілік», деген едіңіз. Қазақстанның көпұлтты халқы жиналған осы залда тұрып мен Қазақстан халқының осынау ізгілікке адал екендігіне тағы көз жеткіздім. Ассамблеяға қонақ ретінде келсем де өзімді жат сезініп тұрғаным жоқ. Өйткені, Қазақстан менің кіші әрі сүйікті Отаным, туған жерім. Мен сіздердің табыстарыңызға мақтанып, жетістіктеріңізге қуанамын», - деді Сергей Лукьяненко.

Соңғы жаңалықтар