«Домбыра» стелласының ашылуы: 500 өнерпаз күй ойнады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Көкшетауда «Домбыра» композициялық стелласы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
null

«Өткен жылы Елбасының Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленгенген. Бұл біздің мәдениетіміз бен өнеріміздің жұлдызын одан әрі биіктете түсті. Біз бүгін домбыра ескерткішін ашып отырмыз. Еліміздің бірлігі мен ынтымағын сақтай отырып, өнерімізді асқақтатайық»,-деді Ермек Маржықпаев.
null

Сонымен қатар, шарада Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев сөз сөйледі. Театр алаңында 500 өнерпаздардан құралған домбырашылар ансамблі күй ойнады.

Айта кетейік, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының алдына орнатылған «домбыра» стелласының авторы көкшетаулық танымал мүсінші және суретші Манарбек Бұрмағанов.

Стелланың биіктігі 11 метр және металл мен бетоннан жасалған.

null null null nullnull null null

Соңғы жаңалықтар