+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Домбыра күні: Қазақстандық ансамбль Сүгірдің термесін жаңа сипатта орындап берді

2020 жылғы 3 шілде 20:54
Бөлісіңіз:
Домбыра күні: Қазақстандық ансамбль Сүгірдің термесін жаңа сипатта орындап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Saz & Soul» ансамблі Сүгірдің термесін жаңаша өңдей отырып, көрерменге ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Қолымдағы кітап» акциясы басталды

Домбыра күні осы асыл қазынамыздың мәртебесін асқақтатып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті. Осы мерекеге орай «Қазақконцерт» ұйымының «Saz & Soul» вокалдық-аспаптық ансамблі өнер сүйер қауымға жаңа бейнетуындыны ұсынып отыр. Өнер ұжымы ел арасына кең тараған Сүгірдің термесін заманауи тыңдарманның талғамына сай етіп орындады. Ансамбльдің орындауында бұл төл музыкалық туынды ұлттық бояуынан ажырамай, жаңаша өңдеуде ерекше естілді.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концеттік ұйымының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы атап өткендей, рухани жаңғыру жолында омбыра үні арқылы музыкалық дүниелерімізді жаңа форматта насихаттау өте өзекті.


«Домбыра – бабадан қалған асыл мұрамыз, ұлттық құндылығымыз. «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ақын Қадыр Мырзалиев жырға қосқандай, күмбірлеген қазақтың домбырасы – халқымыздың даналығы, тарихы мен мәдениетінің айқын көрінісі. Халық әндерінің басым көпшілігі домбыра аспабының сүйемелдеуімен орындалады. Бұл домбыраның ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен ұлттық аспап екендігінің тағы бір белгісі. Халық әніндей болып кеткен Сүгірдің термесін жаңаша өңдеп орындау арқылы бұл туындының қазіргі тыңдарманның талғамымен жақсы үндесе алатынын көруге болады. Бұл әнге түсірілген бейнетуынды да сапалы, ерекше шықты деп білемін. Алдағы уақытта көрерменге осындай көптеген сапалы дүниелерді ұсыну жоспарда бар»,- деп бөлісті Жеңіс Сейдуллаұлы.

Айта кетейік, «Saz & Soul» ансамблінің репертуарында жаңа форматта, әртүрлі музыкалық жанрларда өңделген өзге де халық әндері, қазақ композиторларының белгілі туындылары мен Әділжан Толықпаевтың авторлық шығармалары бар. Ұжымның ән қоржынындағы шығармалар ұлттық реңкін жоғалтпай, джаз, классика, рок стильдерінде орындалып, халықтың рухани жан-дүниесін байытады және талғамын арттырады. Талантты өнерпаздардың басын қосқан топ 2017 жылы құрылып, қазіргі уақытта «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымның құрамында жемісті еңбек етуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT