+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Домбыра күні: Ақмолада «Күй-live» байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылғы 5 шілде 23:50
Бөлісіңіз:
Домбыра күні: Ақмолада «Күй-live» байқауының жеңімпаздары анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өткен Домбыра күніне орай Ақмола облысында «Күй-live» байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы 25-ші мамыр және 5-ші шілде аралығында ұйымдастырған облыстық «Күй-live« интернет-байқауына облыстың әр өңірінен әр салада еңбек ететін 18-ден жоғары жастағы 30 күйші қатысып бақ сынады. Олардың орындауындағы күйдің бейнежазбасы ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды», - дейді облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры міндетін атқарушы Қуаныш Шақшақов.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Целиноград ауданының үкілеген үмітті Абылайхан Орманбек облыстық «Күй-live» интернет-байқауының жеңімпазы атанды. Одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Біржан сал ауданының күйшісі Рысты Жаңбыршиева мен көкшетаулық Дінислам Бекболат өзара бөлісті.

Сонымен бірге, «Өлкенің тарихын ашқаны үшін» аталымына Аршалы ауданының домбырашысы Аида Ахметова, әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы көрермен көзайымы сыйлығына бурабайлық Риза Сатыбалдинова лайық деп танылды.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, домбыра күні облыс бойынша Facebook, Instagram және Youtube әлеуметтік желілерінде 50-ден астам онлайн-байқау ұйымдастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT