Dombyra-информ: ҚазАқпараттың бастамасын «Астана» арнасы жалғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық домбыра күні «ҚазАқпарат» ХАА-ның «Dombyra-информ» бастамасы одан әрі жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚазАқпарат көтерген бастаманы әуелі «Егемен Қазақстан» газеті іліп әкетіп, келесі кезекті «Қазақстан» ұлттық арнасына жолдаған болатын. Өз кезегінде «Қазақстан» бастаманы қабыл алып, бұл эстафетаны «Астана» телеарнасына бергендігі туралы жазған едік.

«Астана» арнасының ұжымы әріптестерінің бастамасына қолдау білдіріп, эстафетаны «Хабарға» берді.

«1 шілде елімізде тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. «Астана» телеарнасы домбыра күнін қолдайды және «Қазақстан» телеарнасы жолдаған эстафетаны қабыл алды. Ендігі кезек «Хабар» арнасында! Әріптестер эстафетаны қабыл алыңыз!», - делінген арнаның Инстаграмдағы парақшасында.

1 шілде елімізде тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. "Астана" телеарнасы домбыра күнін қолдайды және "Қазақстан" телеарнасы жолдаған эстафетаны қабыл алды. Ендігі кезек "Хабар" арнасында! Әріптестер эстафетаны қабыл алыңыз! ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН ОҢНАН СОЛҒА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТЫҢЫЗ⬅️⬅️⬅️ @kaztrk_kz @khabartv @nurken_oteul @zangarsanai @erlankarin @kazinform

Публикация от "АСТАНА" ТЕЛЕАРНАСЫ (@astana.tv) 30 Июн 2018 в 11:34 PDT

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қызметкерлері Ұлттық домбыра күні қарсаңында әріптестерін Dombyra-информға шақырған болатын. Мұндағы мақсат Мемлекет басшысы жариялаған Ұлттық домбыра күні мерекесіне үлес қосу. 

Агенттіктің шығарушы редакторы Ербол Жанат пен тілші Аян Өрібаев ақпаратты домбыра арқылы халыққа ұсынды. Екі жарым минуттық шағын роликте ақпаратты өлеңмен өрнектеген агенттіктің қызметкерлері ізгі бастаманы басқа да журналист әріптестеріне жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар