Dombyra-информ: ҚазАқпарат көтерген бастаманы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жалғастырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Dombyra-информ» бастамасы жалғасын тауып жатыр.

ҚазАқпарат көтерген бастаманы әуелі «Егемен Қазақстан» газеті іліп әкетіп, келесі кезекті «Қазақстан» ұлттық арнасына жолдаған болатын.

Өз кезегінде «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин эстафетаны қабыл алатынын әлеуметтік желіде мәлім еткен еді. Ал күні кеше ол Фейсбуктегі парақшасында көпшілікке аталған видеоны жария етті.

«Ұлттық домбыра күніне орай «Егемен Қазақстан» газетіндегі әріптестеріміз жолдаған эстафетаны зор құрметпен қабыл алдық. Алғыс білдіре отырып, біз де қолымызға қасиетті домбыраны алып, тілегімізді өлеңмен өрнектедік. Енді бұл эстафетаны «Астана» телеарнасына жолдаймыз. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері Қуаныш Сұлтанұлы мен Нұрмат Мансұрдың лебізін тыңдаңыздар» деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қызметкерлері Ұлттық домбыра күні қарсаңында әріптестерін Dombyra-информға шақырған болатын. Мұндағы мақсат Мемлекет басшысы жариялаған Ұлттық домбыра күні мерекесіне үлес қосу. 

Агенттіктің шығарушы редакторы Ербол Жанат пен тілші Аян Өрібаев ақпаратты домбыра арқылы халыққа ұсынды. Екі жарым минуттық шағын роликте ақпаратты өлеңмен өрнектеген агенттіктің қызметкерлері ізгі бастаманы басқа да журналист әріптестеріне жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар