Доллармен берілген ипотеканы қайта қаржыландыру жалғасуда - Ұлттық банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі валютамен берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі жайында хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес, Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін валютамен берілген ипотекалар қайта қаржыландыруға жатады. Осыған орай, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген валюталық ипотекалық қарыздарын теңгеге аудару қарастырылған. Банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды 2018 жылғы 30 желтоқсанға дейін жүзеге асырады.  Ал ипотека алғандар қарызды қайта қаржыландыруға арналған өтініштерін 15 желтоқсанға дейін тапсыруы тиіс.

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Kassa Nova Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ тартылып отыр.

«2018 жылғы 1 шілдеге дейін банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға 5,0 млрд теңге көлемінде 802 өтінімді мақұлдап, 2,3 млрд теңгенің 462 қарызын қайта қаржыландырды», - делінген Ұлтттық банктің ресми сайтында.

Айта кетейік, ипотекалық қарыздардың қайта қаржыландыруға қатысты  толық ақпаратпен «Банктермен ақшаны игеру туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме - nationalbank.kz бойынша танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар