Доллардың орташа сараланған бағамы 312,47 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 312,49 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 101 100 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуро бойынша (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 330,80 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 100 мың еуроны құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4025 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 6 500 мың рубль болды.

- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі  бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа сараланған бағамы бір юаньға 45,5225 теңгені, сауда-саттық көлемі - 400 мың юань.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,47 теңгені (+0,98 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 163 000 мың (-31 000 мың USD).


Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +5,0000 %  құрады, сауда-саттық көлемі 5 000 мың USD;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +5,1920 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 096 500 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.

 

 

Соңғы жаңалықтар