Доллардың 6 қыркүйектегі ресми бағамы белгіленді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 қыркүйектегі ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 472, 63 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге өсіп, 7,72 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471,5 – 475,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 470 – 474 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,15 – 7,55 теңге аралығында сатып алуға болады.



Соңғы жаңалықтар