Доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 қараша кешкі көрсеткішпен салыстырғанда 1,69 теңгеге төмендеп, 1 доллар 422,97 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы: 1 долларға - 424,49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,07 теңгеден саудаланса, Нұр-Сұлтан қаласында 424,49 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, АҚШ доллары апта басынан бері арзандап жатыр.


Соңғы жаңалықтар