Доллар мен рубль қымбаттап жатыр
2022 жылғы 24 маусым 11:03

Доллар мен рубль қымбаттап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстан қор биржасында доллар мен Ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,9 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда 7,85 – 7,95 теңге аралығында құбылып тұр. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465- 469 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда доллар бағамы 468 - 474 теңге аралығында саудалануда. 23 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 10,79 теңгеге қымбаттап 465, 15 теңге болды. Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT