Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,82 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,96 теңге.

28 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3, 17 теңгеге төмендеп, 445, 66 теңге болған. Ресей валютасы 6, 00 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 448 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446– 448,5 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,8 – 5,95 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада ресейлік валюта 5,8 -5, 92 теңгеден саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар