Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді
2023 жылғы 3 ақпан, 09:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 3 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459,92 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,57 теңге.
2 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 459,66 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460-463 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 458-462 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,35-6,6 теңгеге сатып алуға болады.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP