Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Автор:  
Алма Мұқанова

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 2 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 460, 87 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6, 57 теңге.

1 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге қымбаттап, 460,80 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460-463 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 459,5-462,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,25-6,55 теңгеге сатып алуға болады.





Серіктестер жаңалықтары