Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

2022 жылғы 7 желтоқсан, 08:54
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 7 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 472, 33 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,50 теңге.
6 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы құны 2,74 теңгеге қымбаттап, 472 теңге болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 472,5 – 475,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,23 – 7,33 теңгеге сатып алуға болады.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar