Доллар мен рубльдің 8 қарашадағы ресми бағамы белгілі болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 8 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464,40 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге өсіп, 7,59 теңге болды.

8 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 464,39 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 - 468 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 465 - 469 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,07 - 7,27 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.



Соңғы жаңалықтар