Доллар мен рубльдің 2 желтоқсандағы ресми бағамы белгілі болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466- 471 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466,5 – 470 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 467– 471 теңге аралығында құбылып тұр.

1 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,65 теңгеге төмендеп, 468, 25 теңге болған.

Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 45 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,66 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7, 38– 7, 44 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар