Доллар мен рубль бағамы төмендеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462- 466 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 462,5– 466 теңге аралығында құбылып тұр. 27 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 460, 58 теңге болған. Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460, 62 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,58 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,2 – 6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Соңғы жаңалықтар