11:52, 26 Ақпан 2021 | GMT +6
Доллар құны қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 25 ақпан кешімен салыстырғанда доллар 1,76 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 416,57 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 414,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 417,51 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 415,99 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 416,75 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 415,58 теңге.