Доллар кешеден бері 10 теңгеге қымбаттады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10,45 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 464,81 теңге.

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,56 теңге, сатып алу – 469,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 464,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,53 теңге.

Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.


Соңғы жаңалықтар