Доллар қайта қымбаттай бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 14 қараша кешімен салыстырғанда 0,33 тиынға көтерілген.

АҚШ долларының орташа бағамы 429, 95 теңге болды.

Ұлттық банктің 15 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 429, 59 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 430,06 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 61 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 430,46 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу - 431, 64 теңге.


Соңғы жаңалықтар