Доллар қайта қымбаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 шілде кешімен салыстырғанда 0,97 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 426,60 теңге болды.

Ұлттық банктің 15 шілде күнгі ресми бағамы: 1 доллар – 425,61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,63 теңгеден сатылса, сатып алу - 428,16 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,81 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 427,96 теңге.


Соңғы жаңалықтар