Доллар бағасы тағы қымбаттап, 510 теңгеден сатылып жатыр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 10 наурыз кешімен салыстырғанда 0,33 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 510, 26 теңге болды.

Ұлттық банк 11 наурызға белгілеген ресми бағам - 1 доллар үшін 509, 80 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 513, 60 теңгеден сатылса, сатып алу – 518, 99 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 518, 86 теңге.


Соңғы жаңалықтар